"Алтын Орда" мектебінде 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Алтын Орда" мектебінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты ояту, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Концерттің шымылдығы мектеп оқушыларының орындауындағы Мемлекеттік Әнұранмен ашылды.


Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихы, Тәуелсіздік жолындағы батыр бабаларымыздың ерлігі жайында әсерлі өлеңдер оқып, әндер шырқады. Сахналық қойылымдарда қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы күресі көрініс тапты. Сонымен қатар, мектептің дарынды оқушылары би билеп, музыкалық аспаптарда ұлттық күйлер орындады.


Мектеп ұжымы Тәуелсіздік мерекесін жоғары деңгейде атап өтіп, оқушыларға ұлтжандылық пен елге деген сүйіспеншілік рухын сіңірді.


"Алтын Орда" мектебі баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз мәңгілік болсын!

Кеңес алу үшін қоңырауға тапсырыс беріңіз