7-наурыз күні “Алтын орда” мектебінде Халықаралық әйелдер күніне орай ата-аналарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында мектеп директоры Тұрмаханбетова Назиля Мәдибекқызы құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналарға алғысын білдірді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Мерекелік кешке оқушылардың ата-аналары, ұстаздар мен мектеп әкімшілігі қатысты. Бұл мерекелік кеш ата-аналар мен мектеп арасынадағы байланысты нығайтуға, оқушылардың өнерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Кеш соңында оқушылар өздерінің ата-аналарына деген сүйіспеншіліктерін ерекше түрде білдіріп, оларға гүл шоқтарын табыстады. Бұл әсерлі сәт ата-аналарға зор қуаныш сыйлап, жүректерін елжіретті. Шара жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кеңес алу үшін қоңырауға тапсырыс беріңіз