Астана қаласындағы «Алтын орда» мектебінің еңбек пәні мұғалімі Жолдибеков Тауир Сейтбекович 2025 жылғы 14 тамызда ҚР Президенттік орталығында өткен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» республикалық тамыз саммиті аясындағы «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» тақырыбындағы көрмеге қатысып, «Саз балшықпен бұйымдар жасау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Ұстазымыздың шеберлік сағаты көрме қонақтарының қызығушылығын тудырып, қатысушылар өз қолдарымен саз балшықтан түрлі бұйымдар жасап көрді. Бұл шара ұстаздың шығармашылық әлеуетін, кәсіби шеберлігін және оқушыларға қолөнердің қыр-сырын үйретудегі үлесін айқын көрсетті.
Кеңес алу үшін қоңырауға тапсырыс беріңіз