Бүгін біздің “Алтын орда” мектебінің бастауыш сынып апталығының жабылу салтанаты өтті. Бұл апталық бәріміз үшін қызықты да тағылымды болды. Апта бойы балаларымыз білімдерін, өнерлерін ортаға салып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Әр күн ерекше іс-шараларға, байқаулар мен сайыстарға толы болды. Бастауыш сынып – білімнің бастауы ғана емес, тұлғаның қалыптасу кезеңі.
Осы апталықта әр оқушы өз бойындағы талантын, білімге деген құштарлығын көрсетті. Балаларымыздың өнері мен алғырлығы, тапқырлығы бізді қуантты. Бұл – ұстаздардың ерен еңбегі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
Апталықтың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық ұстаздарға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Сіздер әр баланың жүрегіне білім нәрін сеуіп, олардың бойына сенім ұялатып келесіздер. Оқушылардың белсенді қатысуы – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.
Кеңес алу үшін қоңырауға тапсырыс беріңіз