22 қараша күні «Алтын Орда» мектебінде Есіл аудандары мектептерінің арасында мини - футболдан жарыс өтті. Бұл жарыс жас спортшылардың шеберліктерін шыңдап, командалық рухты дамытуға үлкен үлес қосты. Ойын барысында қатысушылар өздерінің ептіліктері мен қайсарлықтарын көрсетіп, жанкүйерлерге керемет әсер қалдырды.
Турнир бойынша: 1 – ші орынды: №81 мектеп. 2-ші орынды: №75 гимназия жеңіп алды.
Спорт – тек дене шынықтыру емес, ол – тәрбие құралы. Осындай жарыстар жасөспірімдерді достыққа, бірлікке, жауапкершілікке тәрбиелейді. Барлық командаларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да осындай спорттық жетістіктер тілейміз!
Кеңес алу үшін қоңырауға тапсырыс беріңіз