«Алтын орда» мектебінің ұстаздарымен 30.10.2024 - 01.11.2024 күндері аралығында мұғалімдердің шеберліктерін дамыту мақсатында семинарлар жүргізілді.
Мектепішілік семинар – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдістемелерді меңгереді және білім беру үдерісін жетілдіруге арналған озық тәсілдерді талқылайды.
Семинардың басты мақсаты – мұғалімдердің білім беру сапасын жақсарту, жаңашылдықты енгізу, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және қазіргі заман талаптарына сай оқыту әдістерін игеру болып табылады. Әр түрлі форматтағы әдістемелік сағаттар, шеберлік сабақтары мен тренингтер арқылы мұғалімдер өз біліктіліктерін шыңдайды, сондай-ақ тәжірибе алмасып, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бойынша ұсыныстар алады.
Мектепішілік семинарлар тек білім беру сапасын жақсартып қана қоймай, мұғалімдер арасында кәсіби қарым-қатынасты нығайтып, жаңа бастамаларға шабыт береді. Мұндай кездесулердің тиімділігі, қатысушылардың белсенділігі мен ынтымақтастығынан көрініс табады.
Кеңес алу үшін қоңырауға тапсырыс беріңіз