08.09.2026 «Алтын Орда» мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында 2–4 сынып оқушылары арасында қызықты Language Battle тілдік сайысы өтті.
Сайыс барысында жас қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша өз білімдерін сынап көрді. Іс-шара үш қызықты кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар Spelling Bee ойынына қатысып, үш тілде сөздерді әріптеп айту бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Екінші кезеңде қатысушылар берілген әріптерден сөздер құрастырып, тапқырлықтары мен зейіндерін сынға салды. Ал үшінші кезеңде оқушылар сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтып, үш тілді меңгеру деңгейлерін көрсетті.
Іс-шара көңілді әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, бір-біріне қолдау көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты. Language Battle тіл үйренудің тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты әрі көңілді болатынын көрсетті!
Сайыс қорытындысы бойынша үш жүлделі орын анықталды. Жеңімпаздар шығармашылық сыйлықтармен марапатталса, барлық қатысушылар жарқын әсер, жаңа тәжірибе және көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
- Барлық жас қатысушыларымызға белсенділігі, батылдығы және тіл үйренуге деген қызығушылығы үшін алғыс айтамыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!